Нью-Йорктегі бокс кешінде күтпеген әрі жұртты елең еткізген оқиға тіркелді. Америкалық ауыр салмақтағы боксшы Джаррелл Миллер жекпе-жек барысында паригі түсіп кете жаздап, көрермендердің назарын бірден өзіне аударды.
Миллер бұл жолы Кинглси Ибемен қолғап түйістірді. Айқас барысында америкалық боксшы қарсыласынан бірнеше дәл соққыны қатарынан өткізіп, қиын сәттерді бастан кешті. Сол мезетте тек спортшының өзі ғана емес, басындағы жасанды шашы да әрең ұсталып тұрғаны байқалды.
Соған қарамастан 37 жастағы Миллер төзімділік танытып, жекпе-жекті соңына дейін жеткізді.
Кездесу белгіленген 10 раундтың бәріне созылды. Қорытындысында төрешілердің пікірі екіге жарылды:
Осылайша көпшілік шешімімен Миллер жеңімпаз атанды.
Ең қызығы, айқас аяқталған соң Миллер паригін шешіп, жанкүйерлерге өзін "табиғи кейіпте"көрсетті. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жекпе-жектің ең есте қалар эпизодтарының біріне айналды.