UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты қатаң шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

UFC оны Шавкат Рахмонов тарапынан белсенділіктің болмауымен және спортшының оралу мерзімінің  белгісіз болуымен түсіндірді. 

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты қатаң шешім қабылдады
fighttime.ru

Қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы топ-15 рейтингінен ресми түрде алынып тасталды. Бұған дейін екінші орында тұрған әрі Ислам Махачевтің титулына басты үміткер саналған файтер тізімде мүлде жоқ. 

UFC жариялаған жаңартылған рейтинг қазақстандық жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық болды. Шавкат Рахмоновтың топ-15 қатарынан толықтай шығуы дивизиондағы ірі өзгерістердің бірі ретінде тіркелді.

Жартылай орта салмақтағы негізгі өзгерістер:

  • Джек Делла Маддалена рейтингте бірінші орынды сақтап қалды;
  • Гилберт Бернс екі сатыға жоғарылап, Габриэль Бонфимнен озды;
  • Майкл Пейдж үздіктер қатарына қайта оралып, топ-15-ті түйіндеді;
  • Ислам Махачев дивизион чемпионы ретіндегі мәртебесін сақтап отыр.

Неге Рахмонов рейтингтен шығарылды?

UFC бұл шешімді Шавкат Рахмонов тарапынан белсенділіктің болмауымен және спортшының оралу мерзімінің  белгісіз болуымен түсіндірді. 

Естеріңізде болса, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Содан кейін жарақаттар сериясы қазақстандық файтердің жекпе-жек өткізуіне мүмкіндік бермеді.

Операция және ұзақ үзіліс

Ақпан айының басында жағдай ушыға түсті. Файтердің менеджері Даниэль Рубенштейн Шавкат Рахмоновтың тізесіне тағы бір операция жасалғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, реабилитация кемінде тоғыз айға созылады. Яғни Рахмонов 2026 жылғы маусымның басым бөлігін өткізіп алуы мүмкін. UFC-дің ішкі ережелеріне сәйкес, мұндай ұзақ үзіліс жағдайында лига дивизиондағы бәсекені сақтау үшін спортшыны рейтингтен уақытша алып тастайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір