Қазақстандық боксшылар алғашқы қарсыластарын білді

Сарапшы, спорт журналисі

Испанияның Ла-Нусия қаласында халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының боксшылары алғашқы жекпе-жектегі қарсыластарын анықтады.

Қазақстандық боксшылар алғашқы қарсыластарын білді
olympic.kz

Дәстүрлі додада ерлер де, әйелдер де бірнеше салмақта рингке шығады. Турнир 3–7 ақпан аралығында ұйымдастырылады.

Бүгін шаршы алаңға 12 боксшымыз шығады. Жекпе-жектер сағат 19:30-да басталады.

Ерлер құрамасы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары

50 кг

  • Санжар Ташкенбай — Риши Сингх (Үндістан)
  • Нұрзат Оңғаров — Исайя Рок (Канада)

55 кг

  • Махмұд Сабырхан — Изайя Гоше (Франция)
  • Бексұлтан Боранбек — Аарон Эндрю Каллем (Шотландия)

60 кг

  • Серік Теміржанов — Махмұд Аль-Шабтун (Нидерланды) / Кеома-Али Аль-Ахмадиех (Канада)
  • Дәулет Молдашев — Джек Драйден (Англия)

65 кг

  • Санатәлі Төлтаев — Габриэль Али Лабри (Канада)

70 кг

  • Төрехан Сабырхан — Аилтон Монтейру (Кабо-Верде)
  • Нұрбек Мұрсал — Виттхайя Чансом (Таиланд)

75 кг

  • Тимур Нұрсейтов — Адмилсон Тавареш (Кабо-Верде) / Кайл Шоу-Таллин (Англия)
  • Аман Қонысбеков — Лукаш Зыгула (Польша)

80 кг

  • Ерасыл Жақпеков — Джошуа Офори (Канада)
  • Азамат Бектас — Джамал Кулиев (Украина)

85 кг

  • Нұрбек Оралбай — Данила Жасан (Украина)

90 кг

  • Оңталап Рахманов — Леон Кермас (Эстония)
  • Сағындық Тоғамбай — Кандоро Сукуна (Франция) / Наман Танвар (Үндістан)

90+ кг

  • Нұрасыл Асылхан — Саван Гилл (Үндістан)
  • Айбек Оралбай — Мэтт Уильямс (Англия)

Әйелдер құрамасы: жеребе қорытындысы

48 кг

  • Елянұр Тұрғанова — Марта Лопес дель Арболь (Испания)

51 кг

  • Рахмина Әбдумежитова — Ноэлия Гутьеррес Сальмерон (Испания)

54 кг

  • Сымбат Әлиасқар — Прити (Үндістан)

57 кг

  • Шахназ Исаева — Габиэлла Верхейм (Нидерланды)

60 кг

  • Евгения Графеева — Аяжан Ермек / Мауд ван дер Торн (Нидерланды)
  • Виктория Байдукова — Татьяна Довгаль (Украина) / Лиза Новисо (Франция)

65 кг

  • Назерке Серік — Анна Йенни (Швейцария)
  • Ақнар Есжанова — Әсем Таңатар / Каджал (Үндістан)

70 кг

  • Азиза Исина — Арундхати Чурдхари (Үндістан)

80+ кг

  • Умида Садықова — Каур Манкират (Үндістан)
  • Панар Сейітханқызы — Тиндая Люсия Гильен Ортис (Испания)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір