ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Ризабек Айтмұхан 23 секундта қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Албанияның Тирана қаласында халықаралық Мухамет Малоны еске алу турнирінде қола жүлде иегері атанды.

Ризабек Айтмұхан 23 секундта қола медаль жеңіп алды
instagram/@rr1zabek

Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Джойнти Кумармен күресті. Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, кездесуді небәрі 23 секундта аяқтады.

Белдесу нәтижесі — 10:0. Осылайша Ризабек Айтмұхан турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін Айтмұхан жарыстың жартылай финалында Ресей құрамасының көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа жол берді. Бұл кезеңдегі белдесу 14:3 есебімен аяқталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.