Қазақстан Тиранадағы ірі халықаралық күрес турнирінде екінші "алтын" иеленді

Сарапшы, спорт журналисі

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Албаниядағы Мухамет Малоны еске алу халықаралық турнирінде жүлде қорын толықтыруда. 

Қазақстан Тиранадағы ірі халықаралық күрес турнирінде екінші "алтын" иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Лаура Әлмағамбетова финалда жеңіске жетті

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде Лаура Әлмағамбетова украиналық Лилия Маланчукты 3:2 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Әлмағамбетова шешуші белдесуге дейін күндізгі сессияда екі қарсыласынан басым түсті. Әуелі үндістандық Пушпаны — 3:1, кейін германиялық Анастасия Блайвасты — 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Осылайша қазақстандық балуан финалға сенімді түрде жетіп, алтын медальді еншіледі.

Бұған дейінгі "алтын": Зейнеп Баянова

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы турнирде Қазақстан құрамасына алғашқы чемпиондықты 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова сыйлаған. Лаура Әлмағамбетованың жеңісі — Қазақстанның бұл жарыстағы екінші алтыны.

Зейнеп Баянова. ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы

Мухамет Мало мемориалы 1 наурызға дейін жалғасады. Дәстүрлі халықаралық додаға әлемнің әр түкпірінен 500-ге жуық балуан қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір