АҚШ пен Өзбекстанға қарсы ауыр күн: Қазақстан боксшыларының тағдырын шешкен төрт салмақ
"Странджа кубогы" турнирінің төртінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар қатысқан 19 кездесу өтті.
Бұл күні әйелдер құрамасынан 15 боксшы жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасты. Айта кетейік, жартылай финал — кемі қола медаль кепілі. Ал ерлер құрамасынан төрт былғары қолғап шебері 1/8 финалда сынға түсті.
Әйелдер: АҚШ пен Өзбекстанмен тартыс, бірнеше сенімді жеңіс
48 кг:
- Әйгерім Сәттібаева — Анна Охота (Украина) 0:5
- Әнел Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан) 0:5
54 кг:
- Жайна Шекербекова — Йоселин Перес (АҚШ) 0:5
- Әнел Сақыш — Ана Ливия Висенте Линарес (Бразилия) 4:1
- Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия) 5:0
57 кг:
- Ұлжан Сәрсенбек — Алисса Мендоса (АҚШ) 0:5
60 кг:
- Римма Волосенко — Йомна Айяд (Мысыр) 2:3
- Виктория Графеева — Ребека Сантос де Лима (Бразилия) 2:3
65 кг:
- Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния) 5:0
70 кг:
- Бақыт Сейдіш — Виван Перейра дос Сантос (Бразилия) 0:5
- Мәдина Нұршаева — Шантель Рид (Англия) 0:5
75 кг:
- Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния) 5:0
- Мария Сидоренко — Наоми Грэм (АҚШ) 0:5
80+ кг:
- Валерия Аксенова — Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан) 5:0
- Дина Исламбекова — Хавванур Кетуда (Түркия) 5:0
Ерлер: 1/8 финалда үш жеңіс, бір жеңіліс
65 кг:
- Илья Калинин — Юри Фалькао (Бразилия) 0:5
- Ертуған Зейнуллинов — Маркус Лютер (АҚШ) 4:1
70 кг:
- Фарух Тоқтасынов — Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан) 5:0
- Мұхамедсабыр Базарбайұлы — Джон Макконнелл (Ирландия) 5:0
Еске салайық, "Странджа кубогы" — Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирлерінің бірі. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан атынан Софияға 39 боксшы барған: 19 ер, 20 әйел.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.