Өзбекстанға қарсы үш айқас: "Странджа кубогында" бүгін кім жұдырықтасады?
Халықаралық турнирдің кезекті күнінде спортшыларымыз жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Stan.kz
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы" турнирінде 27 ақпан күні Қазақстан құрамасы маңызды жекпе-жектер өтеді. 10 боксшымыз жартылай финалға жолдама алуға тырысады.
Айта кетейік, бұл турнир бейресми түрде "кіші әлем чемпионаты" деп аталады. Биыл ол 77-рет өтіп жатыр.
Тікелей трансляция уақыты
- Күндізгі сессия – 17:00 (Астана уақыты)
- Кешкі сессия – 21:00
Күндізгі сессия (17:00)
Ринг А
- 50 кг (ерлер): Даниял Сәбит – Улаш Ялчинкая (Түркия)
- 70 кг (ерлер): Фарух Тохтасынов – Рэнди Ботикали (Германия)
Ринг Б
- 55 кг (ерлер): Бағлан Кенжебек – Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия)
- 65 кг (ерлер): Ертуған Зейнуллинов – Малик Гасанов (Әзербайжан)
- 70 кг (ерлер): Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Лавант Браунли (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00)
Ринг А
- 85 кг (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
- 90 кг (ерлер): Дәулет Төлемісов – Джозеф Авинонгья (АҚШ)
- 90+ кг (ерлер): Нұрлан Сапарбай – Озодбек Алиев (Өзбекстан)
Ринг Б
- 85 кг (ерлер): Бекзат Таңатар – Матвей Ражба (Украина)
- 90 кг (ерлер): Нұрмагомед Юсупов – Самир Собиров (Өзбекстан)
Жартылай финалдық кездесулер 28 ақпанда, ал финалдық айқастар 1 наурызға жоспарланған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet