Бұрынғы әлем чемпионы Джамель Херринг Жәнібек Әлімханұлының алты айлық дисквалификациясына пікір білдірді.
Бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Джамель Херринг қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының алты айға дисквалификациялануына байланысты өз ойын айтты.
Жуырда Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы (КФБФ) орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері Жәнібек Әлімханұлын алты ай мерзімге жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады.
Дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі. Дәл осы күні спортшының допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат — мельдоний анықталған болатын.
Бұл жаңалыққа қатысты Джамель Херринг әлеуметтік желідегі парақшасында пікір қалдырды. Ол чемпиондардың жылына екі-ақ рет жекпе-жек өткізетінін еске салды.
"Ашығын айтсақ... чемпиондардың көбі жылына екі рет қана жұдырықтасады. Сондықтан алты айлық дисквалификация кейбір боксшылар үшін қалпына келу кезеңімен тең", — деп жазды Херринг Boxingscene.com жарияланымына жауап ретінде.
## Мельдоний қалай анықталды?
Тергеу қорытындысы бойынша, мельдонийдің спортшы ағзасына түсу себебі ретінде **«Рипронат» препаратымен ем қабылдауы** көрсетілген. Әлімханұлы өткен жылдың мамыр айында Алматыдағы клиникалардың біріне жүгініп, аталған дәріні қолданған.
Ресми есепте дәл осы емдік курс допинг-сынаманың оң нәтиже беруіне себеп болғаны айтылған.