Шавкат Рахмоновтың нақты қандай жарақат алғаны анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Спортшының жарақаты жайлы оның бапкері айтып берді. Бапкердің айтуынша Рахмоновқа шетелде ота жасалған.

Шавкат Рахмоновтың нақты қандай жарақат алғаны анықталды
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

Эдуард Базров, қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Шавкат Рахмоновтың бапкері, шәкіртінің жарақатына қатысты мән-жайды айтып берді. Базровтың сөзінше, Германияда жасалған ота сәтті өткен:

"Жекпе-жекті түсінетін және Шавкат Рахмоновтың кім екенін білетін жандар оған қатты алаңдап отыр. Бұл – ескі, өте ескі жарақат. Бұл операция оған жас кезінде де жасалған, уақыт өте келе қайтадан қажеттілік туындады. Аяғы – проблемалы, сондықтан қалпына келу процесі созылып кетті. Қазір айта алмайтын белгілі бір мәселелер болды. Біз қозғамайтын тақырыптар бар, бірақ жалпы алғанда Германияда ота жасалды, бәрі сәтті өтті. Барлығы біледі, айқаспалы (крестообразные) байламдар өте ұзақ уақыт жазылады, қалпына келеді, терең әрі ауқымды оңалту курсынан өту қажет. Әзірге айтарым осы. Жаттығуларға тек толық оңалтудан кейін ғана оралуға болады, бұл – кем дегенде жарты жыл", – деді Базров "Чемпионат" тілшісі Яхья Гасановқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың тізесімен байланысты мәселе 2024 жылдың 7 желтоқсанында Иэн Гэрримен өткен жекпе-жекте басталды. Айқас барысында ол ауыр жарақат алды. Соның салдарынан 2025 жылғы маусымды толық өткізіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір