ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Странджа-2026": Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді (ВИДЕО)

Фарух Тоқтасынов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық "Странджа" турнирінде ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.

"Странджа-2026": Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді (ВИДЕО)
vesti.kz

Тоқтасыновқа 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде германиялық Рэнди Ботикали қарсы тұрды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бөлінген шешіммен (4:1) қазақстандықтың жеңісін тіркеді.

Осы нәтижеден кейін Фарух Тоқтасынов жартылай финалға шықты және турнирдің ең кемі қола медалін иеленетіні анықталды. Ал неміс боксшысы жарыстағы өнерін аяқтады.

Кездесудің үшінші раундында рефери Рэнди Ботикалиге нокдаун есептеп, Тоқтасыновтың басымдығын айқындай түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.