Софиядағы халықаралық "Странджа кубогы" турнирінде ширек финалдың 10 айқасы өтті.
Бұл күні қазақстандық былғары қолғап шеберлері жүлде жолдамалары үшін бірқатар салмақта жеңіліп қалды. Ал бір кездесуде қарсылас жарақатына байланысты жалғастыра алмады.
Қазақстан боксшыларының ширек финалдағы нәтижелері (ерлер құрамасы)
Даниял Сәбит – Улаш Ялчинкая (Түркия)
Ялчинкая жарақатына байланысты үшінші раундқа шықпады. Жекпе-жек тоқтаған сәттегі есеп: 5:0 (Сәбиттің пайдасына).
Бағлан Кенжебек – Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия) — 0:5
Ертуған Зейнуллинов – Малик Гасанов (Әзербайжан) — 0:5
Фарух Тоқтасынов – Рэнди Ботикали (Германия) — 4:1
Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Лавант Браунли (АҚШ) — 0:5
Бұл жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Өзбекстан өкілдерімен үш рет қолғап түйістірді. Үшеуінде де нәтиже қазақстандықтар үшін көңіл көншітпеді: