Оның алтауы ер, екеуі қыз боксшы. Финалдық кездесулер 15 наурыз күні өтеді.
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінің финалына Қазақстаннан сегіз боксшы жолдама алды. Бұл жарыс World Boxing ұйымының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан ерлер құрамасынан алты боксшы өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль үшін рингке шығады:
Қазақстан әйелдер құрамасынан да екі спортшы финалға шықты. Олар:
Futures Cup турнирінің финалдық кездесулері 15 наурыз күні Бангкокта өтеді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы чемпион атануға негізгі үміткерлердің қатарында.
Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан құрамасының сапында жалпы 19 боксшы (10 ер, 9 әйел) өнер көрсетті.