Бангкокта өтіп жатқан World Boxing Futures Cup турнирінде Қазақстанның сегіз боксшысы финалда алтын үшін жұдырықтасады.
15 наурыз күні Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup турнирінде Қазақстанның U19 құрамасы сегіз финалдық жекпе-жек өткізеді.
Финалдық кездесулерде қазақстандық боксшылар бірнеше елдің спортшыларымен, оның ішінде төртеуінде Өзбекстан өкілдерімен кездеседі.
Финалға Қазақстаннан алты ер боксшы және екі қыз боксшы шықты.
Финалдық кездесулер екі сессияда өтеді.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)
80 кг (әйелдер)
60 кг (ерлер)
75 кг (ерлер)
90 кг (ерлер)
Кешкі сессия (13:30)
70 кг (әйелдер)
70 кг (ерлер)
80 кг (ерлер)
90+ кг (ерлер)
Айта кетейік, Futures Cup турниріне Қазақстаннан бастапқыда 19 боксшы қатысты.