Қазақстан Бангкоктегі турнирде екінші алтын жеңіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Досжан Жұмақан Таиландта өтіп жатқан Futures Cup U-19 турнирінің финалында ринг иесінен басым түсті. 

Қазақстан Бангкоктегі турнирде екінші алтын жеңіп алды (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Финалда таиландық боксшыны тізе бүктірді

Досжан Жұмақан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында таиландтық Сива Чайнаронгпен қолғап түйістірді.

Финалдық кездесу басталысымен жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болған тай боксшысы бірден белсенді шабуылға көшті. Алайда қазақстандық спортшы қарсыласының екпінін дер кезінде тоқтатып, жекпе-жекті өз ырғағына түсіре алды.

Нәтижесінде алғашқы раундта төрешілер басымдықты Досжан Жұмақанға 3:2 есебімен берді.

Қазақстандық боксшы басымдығын сақтап қалды

Екінші раундта да Жұмақан сенімді қимылдап, ұпай бойынша алға шықты. Ол қарсыласына еркіндік бермей, жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстады.

Шешуші үшінші раундта да төрешілер қазақстандық былғары қолғап шеберін мықты деп таныды. Осылайша Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін Бангкоктегі жарыстағы екінші алтын медаль болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір