"Мансабым аяқталса, не істеймін?" – Қуат Хамитов жанкүйерлерін ойландырып қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал файтер өзінің болашағы мен мансабын аяқтағаннан кейінгі өмірі туралы пікір білдірді.

"Мансабым аяқталса, не істеймін?" – Қуат Хамитов жанкүйерлерін ойландырып қойды
instagram/@kuat_khamitov

Хамитов жанкүйерлеріне сұрақ тастады

Қазір Таиландта жүрген файтер Instagram парақшасында ерекше жазба жариялап, оқырмандарына ой салды.

"Елестетіп көріңіздерші, мен файтер ретіндегі мансабымды аяқтадым! Одан кейін немен айналысамын? Үйлену нұсқасы жарамайды", — деп жазды Қуат Хамитов.

Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында түрлі болжамдардың тууына себеп болды.

Таиландтағы өмірінен үзінді көрсетті

Хамитов соңғы уақытта Таиландта жаттығып, күнделікті өмірін жиі жариялап жүр. Бұл жолы да ол шетелдегі өмірінен бір сәтті көрсетіп, болашағына қатысты ойын ашық жеткізді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы рет 15 ақпан күні жекпе-жек өткізді. Ол Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өнер көрсетті.

Аталған кеште бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Жекпе-жек бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір