Қазақстанның екі әлем чемпионы PWL турнирінде азулы қарсыластармен белдеседі

Сарапшы, спорт журналисі

Ислам Евлоев пен Ризабек Айтмұқан алдағы PWL 11 турнирінде мықты қарсыластарға қарсы күреседі.

Қазақстанның екі әлем чемпионы PWL турнирінде азулы қарсыластармен белдеседі
instagram/@rr1zabek

Ислам Евлоев Ташкенттегі турнирге қатысады

Грек-рим күресі шебері Ислам Евлоев 27 наурыз күні Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін PWL 11 жарысында белдесуге шығады.

Оның қарсыласы Беларусь құрамасының өкілі, әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері Кирилл Маскевич болмақ. Ол PWL лигасындағы ең жарқын әрі қауіпті балуандардың бірі саналады.

Ислам Евлоев — UFC жекпе-жек шебері Мовсар Евлоевтің немере туысы. Қазақстандық спортшының қоржынында жастар арасындағы әлем чемпионатының алтыны мен Ислам ойындарының күміс жүлдесі бар.

Ризабек Айтмұқанға ресейлік дарынды балуан қарсы шығады

PWL 11 турнирінде тағы бір қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да бозкілемге шығады. Оның қарсыласы Ресейдің жартылай ауыр салмақтағы болашағынан зор үміт күттіретін балуан — Алихан Кцоев.

Екі балуан бұған дейін де бір-бірімен кездескен. Соңғы белдесуде Ризабек 3:0 есебімен жеңген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір