Күдік көп пе? Асу Алмабаев допинг тексерістен өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер 2026 жылы осымен екінші рет тексерілді.

Күдік көп пе? Асу Алмабаев допинг тексерістен өтті
NUR.KZ

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев допингке қарсы тексерістен өтті. Бұл туралы UFC спортшыларын бақылап отыратын UFC Drug Testing Watch аккаунты хабарлады.

2026 жылғы екінші тексеріс

Мәліметке сәйкес, допинг-сынама өткен аптада алынған. Бұл Алмабаев үшін 2026 жылғы екінші тексеріс болып отыр.

UFC жүйесінде мұндай тексерістер спортшылардың адалдығын бақылау мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Еске салайық, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода өткен UFC турнирінде мексикалық Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс еді7

Алайда дайындық барысында алған қол сынуына байланысты қазақстандық спортшы кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

UFC рейтингіндегі орны

Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесінде ТОП-10 қатарында, нақтырақ айтқанда 8-орында тұр.

Айта кетейік, жуырда қазақстандық файтер жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісіп, бесінші рет әке атанғанын хабарлаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір