"Асқынып кетуі мүмкін еді". Сметовтың бапкері жасалған операция жайлы айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың денсаулығына қатысты тараған әңгімеге оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев түсініктеме берді.

"Асқынып кетуі мүмкін еді". Сметовтың бапкері жасалған операция жайлы айтты
NUR.kz

Бапкер операция туралы не деді?

Ғалымжан Жылгелдиевтің сөзінше, Елдос Сметовтың ағзасында пайда болған жара дер кезінде алынып тасталған.

"Жалпы мұны үлкен шу көтеретін жағдай деп айта алмаймыз. Белгілі бір жара пайда болды, оны уақытында алып тастады. Егер созып жіберсе, асқыну болуы мүмкін еді. Қазір қорқатындай ештеңе жоқ, бәрі артта қалды. Елдос 1–2 апта ішінде жаттығуға қайта оралады", — деді бапкер.

Елдос Сметовке операция қайда жасалды?

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың ауруханаға түскені, кейін Таразда операция жасалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Елдос Сметов ресми жарыстарға 2024 жылдың жазынан бері қатысқан жоқ. Сол жылы Париж Олимпиадасынан алтын медаль жеңіп, елге үлкен жетістікпен оралған. 

2026 жылдың басында тәжірибелі балуан қайтадан белсенді жаттығуға кірісіп, алдағы турнирлердің бірінде күресуге ниетті болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір