Шетелдік спорт парақшаларында кең тараған видеода ауыр нокаут тіркелген.
"Спорт Шредингера" басылымының мәліметінше, Қазақстанда түсірілген жекпе-жек сәті шетелдік бокс қауымдастықтарының парақшаларында жаппай тарала бастаған.
Жекпе-жек өте ауыр нокаутпен аяқталған. Қарсылас спортшы жекпе-жектен кейін рингтен өз бетімен кете алмаған.
Жарияланымда турнирдің нақты атауы мен видеодағы спортшылар туралы мәлімет бірден анықталмағаны айтылған.
"Бұл видео шетелдегі бокс пабликтерінде тарап жатыр. Бірақ қай турнир екені, кадрда кімдер жүргені бірден анықталмады. Мүмкін, сіздер білетін шығарсыздар, пікірде жазып жіберіңіздер", — делінген жазбада.
Жанкүйерлер кадрдағы спортшыны бірден таныған. Көпшіліктің айтуынша, видеода қазақстандық файтер Ринат Хамитов бейнеленген.
Кейін бұл роликтің Хамитовтың жеке парақшасында 2025 жылдың басында жарияланғаны белгілі болды. Сол кезде де видео спортсүйер қауым арасында үлкен қызығушылық тудырған.
Әлеуметтік желідегі жазылушылар қазақстандық спортшының шеберлігіне жоғары баға беріп, түрлі пікір қалдырған.
Олардың арасында: