Жаңа салмақ, жаңа жеңіс: Ризабек Айтмұқан чемпиондықты мерзімінен бұрын алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан чемпионатында U23 санатында белдескен Ризабек Айтмұқан финалда айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жаңа салмақ, жаңа жеңіс: Ризабек Айтмұқан чемпиондықты мерзімінен бұрын алды (ВИДЕО)
instagram/@rr1zabek

Сенімді жеңіс

Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы ел чемпионатында финалдық белдесулер өтті. Турнирдің шешуші кезеңінде жанкүйерлер назары аса ауыр салмақтағы тартысқа ауды.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Сәлімжанға қарсы белдесті.

Ризабек шешуші белдесуде айқын басымдық танытып, қарсыласын 11:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтты. 

Жаңа салмақтағы алғашқы жеңіс

Бұған дейін Ризабек 2023 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі олимпиадалық емес салмақта тарихи жетістікке жетіп, әлем чемпионы атанған. 

Осы айтулы табыстан кейін қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмаққа ауысты.

Ол жаңа салмақта да жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді: 

  • 2024 жылы U20 және U23 жас санаттарында әлем чемпионы атанды;
  • 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионаттарының күміс жүлдесін жеңіп алды;
  • 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір