World Boxing Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көшбасшыны атады

Сарапшы, спорт журналисі

World Boxing жаңартылған рейтингінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлемдік деңгейде көш бастап тұр.

World Boxing Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көшбасшыны атады
instagram/@officialworldboxing

Рейтингте кім алда?

World Boxing ұйымы 2024 жылдан 2026 жылдың басына дейінгі жарыс нәтижелерін қамтыған ерлер мен әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингін жариялады.

Жаңа тізімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары әлемдік бокста жетекші орындарын сақтап қалды. Екі елдің де алты боксшысы өз салмақ дәрежесінде көш бастап тұр. 

Соған қарамастан ерлер арасындағы рейтингте Өзбекстан құрамасы басымдыққа ие. Көрші елдің былғары қолғап шеберлері бірден алты салмақта көш бастап тұр.

Өзбекстан қай салмақтарда мықты? 

Өзбекстан құрамасының боксшылары мына салмақ дәрежелерінде әлем рейтингінің көшін бастап келеді:

  • 60 келі
  • 65 келі
  • 75 келі
  • 80 келі
  • 85 келі
  • 90 келі

Қазақстан қай салмақтарда бірінші орында?

Қазақстан боксшылары ерлер арасындағы қалған төрт салмақта әлем рейтингінің бірінші сатысына көтерілген:

  • 50 келі Санжар Тәшкенбай 
  • 55 келі Махмұд Сабырхан
  • 70 келі Төрехан Сабырхан 
  • 90 келіден жоғары Айбек Оралбай

Бұған қоса, қазақстандық боксшылар әйелдер арасындағы екі салмақ дәрежесінде де көш бастап тұр:

  • 65 келі Аида Әбікеева
  • 70 келі Наталья Богданова
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір