"Головкиннен үлгі алсын!" Марсель Тоқтарды жерден алып, жерге салды

Сарапшы, спорт журналисі

Қырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбек уулу Еркебұлан Тоқтарға қатысты өткір пікір білдірді. 

"Головкиннен үлгі алсын!" Марсель Тоқтарды жерден алып, жерге салды
коллаж penalty.kz

Марсель Тоқтарға не айтты?

Файтердің сөзінше, Еркебұлан Тоқтар мен оның бапкері жекпе-жек алдында хайп жасағысы келген. Бірақ бұл әрекет өздеріне кері әсер еткен. Марсель әсіресе ұлттық тақырыптың қозғалғанына назар аударды. Оның айтуынша спортты ұлтпен байланыстыруға болмайды.

"Қырғыз, өзбек, қазақ — біз бір-бірімізге жақын халықпыз. Дініміз ортақ, тіліміз ұқсас, тамырымыз бір. Спортта мұндай дүниені араластырмау керек", — деді ол.

Хайп шегінен шығып кетті

Қырғызстандық файтер Еркебұланның жекпе-жекке дейін өзіне қатысты айтқан сөздерін де еске алды. Оның пікірінше қарсыласы октагоннан тыс жерде көп сөйлегенімен іс жүзінде өзін көрсете алмаған.

Тоқтар айқас кезінде сенімсіз көрінген және жария түрде айтқан артықшылықтарын жекпе-жекте пайдалана алмаған.

Головкиннің аты аталды

Марсель Нұрланбек уулу Тоқтардың кейінгі мәлімдемелеріне де тоқталды. Оның айтуынша "ақшаға тойдым", "мотивациям азайды" деген сөздер шынайы себепке ұқсамайды.

Осы тұста қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинді мысалға келтірді.

"Геннадий Головкин секілді ұлы, ауқатты спортшылардың өзі рингке шығып жүр. Сондықтан мұндай сылтаулар орынсыз", — деген мағынада пікір білдірді файтер.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек уулу арасындағы кездесу 27 наурызда Ереванда өткен Hype FC турнирінде өтті. Айқас ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылды. Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық файтер жеңіліп қалды.