Азия чемпионаты: Қазақ балуаны жартылай финалға шықты
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін Нұрсұлтан Тұрсынов Оңтүстік Корея өкілі Сынхван Лиді тізе бүктірді.
olympic.kz
Қазақстан құрамасының тәжірибелі балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Сынхван Лимен кездесті. Тартысты кездесу 7:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.
Енді отандасымыз финал жолдамасы үшін күреседі.
Тәжірибелі чемпион
Нұрсұлтан Тұрсынов — Азия деңгейінде өзін әлдеқашан дәлелдеген спортшы:
- Азия чемпионы (2014)
- Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері
- Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet