Назым Қызайбай жаңа салмақта өнер көрсетеді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының капитаны 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Назым Қызайбай жаңа салмақта өнер көрсетеді
sport.orda.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, атақты боксшы Назым Қызайбай алдағы World Boxing Кубогында жаңа салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин мәлімдеді.

Жаңа салмақ — жаңа сынақ

"Бразилияда өтетін жарыста Назым 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Алдағы уақытта бірнеше жекпе-жек өткізіп, нәтижесін саралаймыз. Азия ойындарына дейін толық талдау жасап, соңғы шешімді қабылдаймыз", — деді бас бапкер Елдос Сайдалин.

Назым Қызайбай бұған дейін жеңістерінің басым бөлігін жеңіл салмақта тіркеген:

  • Әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы (48 кг)
  • World Boxing әлем чемпионаты — күміс (2025, Ливерпуль)
  • Олимпиада-2024 — қола (50 кг, Париж)

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы ұлттық құрамамен бірге Бразилияда оқу-жаттығу жиынында жүр.