Арман Царукян жаттығуда GGG-ды құлатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Армениялық файтердің соққы техникасына арналған жеке жаттығуынан видео тарады. 

Арман Царукян жаттығуда GGG-ды құлатты (ВИДЕО)
Instagram/@arm_011

Жаттығу видеосы жанкүйерлер назарын аударды

Желіде жарияланған кадрларда файтер боксқа тән ең қарапайым комбинацияларды соққы қапшығында пысықтап жатқанын көруге болады. Қаптың бетінде қалың әріптермен жазылған GGG белгісі де көзге түседі. Ауыр қап салмаққа шыдамай, құлап кеткен.

Жаттығу сәтіндегі бапкердің реакциясы да көпшіліктің назарын аударған эпизодтардың бірі болды. Видео әлеуметтік желіде жылдам таралып, аралас жекпе-жек жанкүйерлері арасында қызу талқылана бастады.

Кімге қарсы дайындалып жатыр?

Царукян 18 сәуір күні өтетін RAF турнирінде Юрайя Фэйберге қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр деген ақпарат тараған.

Бұдан бөлек, жазла жанкүйерлер Царукян мен Чарльз Оливейра арасындағы ықтимал қарымта кездесуді көруі мүмкін екені айтылуда. Бұл жекпе-жек BMF титулы үшін өтуі ықтимал деген болжам бар.

Арманның бапкері бұған дейін шәкіртіне арналған келесі жекпе-жек бекітілгенін мәлімдеген. Алайда қарсыластың нақты кім екені мен кездесу жайлы толық мәлімет әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.