ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды (ВИДЕО)

Алматыда өтіп жатқан IBA Nomad 14 турнирінде Азамат Бақытов пен өзбекстандық Шохрух Ильхомов шаршы алаңда кездесті.

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды (ВИДЕО)
instagram/@azamat_bakytovvv

Қазақ боксшысы жеңіске жетті

Бұл кездесу орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақ файтері Азамат Бақытов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Азамат кәсіби мансабындағы үшінші жеңісіне жетсе, Шохрух Ильхомов өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Айта кету керек, жеңіске жеткен Азамат Бақытов — MMA мен UFC BJJ жарыстарында өнер көрсетіп жүрген, рекорды 8-0 болатын өзге файтердің толық аттасы.

IBA Nomad 14 турнирі жанкүйер назарында

Сонымен қатар IBA Nomad 14 кешінде бүгін Қазақстан атынан тағы бірнеше танымал спортшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Жұман Жұмабеков, Жалғас Жұмағұлов және Арман Әшімов бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.