Арман Әшімов нокаутпен оралды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Арман Әшімов Алматыда IBA Nomad 14 турнирінде жанкүйерлер күткен камбэгін жарқын жеңіспен түйіндеді.

Арман Әшімов нокаутпен оралды (ВИДЕО)
Vesti.kz

IBA Nomad 14 турниріндегі нокаут

Қазақстандық файтер бұл кеште Тәжікстан өкілі Дильшод Норкузиевпен кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланды. Алайда толық созылған жоқ. Арман Әшімов жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ аяқтап, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Кездесуге дейін Арман Әшімовтың Nomad FC лигасындағы көрсеткіші 1:0 болған еді. Ал Дильшод Норкузиев промоушендегі екінші жекпе-жегіне шығып, оған дейінгі статистикасы 0:1 болып тұрған. Осылайша Әшімов ұйымдағы екінші жеңісіне жетті. 

Ұзақ үзілістен кейін октагонға оралды

Айта кетейік, Арман Әшімовтың ММА ережесіндегі бұған дейінгі жекпе-жегі 2024 жылдың 23 наурызында өткен. Ол кезде Rizin FF лигасында жапониялық Юсаку Накамураға қарсы шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды. 

Сондықтан бұл кездесу Әшімов үшін тек кезекті жекпе-жек емес, ұзақ үзілістен кейінгі маңызды оралу саналды. Қазақстандық файтер сол мүмкіндікті мүлт жібермей, көрерменге әсерлі жеңіс сыйлады.