"Канелоның" келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Мексикалық бокс жұлдызы, бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Сауль “Канело” Альварес рингке қайта оралуға дайындалып жатыр.

"Канелоның" келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды
boxingscene.com

Рингке қыркүйекте шығады

The Ring мәліметінше, Сауль Альварес 13 қыркүйек күні өтетін “Mexico vs The World” бокс кешінде жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Канелоның ықтимал қарсыласы – екінші орта салмақтағы қазіргі WBC әлем чемпионы Кристиан Мбилли.

Бұған дейін Сауд Арабиясындағы ойын-сауық істері жөніндегі бас басқарманың төрағасы, ықпалды промоутер Турки Әл аш-Шейх те Альварестің қыркүйекте рингке оралатынын айтқан еді.

Сонымен қатар “Канелоның” алдағы жекпе-жегі өзінің алғашқы промоутерлік компаниясы – Canelo Promotions арқылы ұйымдастырылуы мүмкін екені хабарланды.

Абсолютті чемпион атағынан айырылды

Еске салайық, Сауль Альварес соңғы жекпе-жегінде америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, абсолют әлем чемпионы атағы үшін айқасқан болатын. Бірақ төрешілер шешімімен жеңіс Кроуфордқа берілді.

Бұл нәтиже бокс жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды. Себебі америкалық боксшы Канелодан үш жас үлкен әрі жекпе-жек алдында көпшілік оны айқын фаворит ретінде қарастырмаған.