Еркебұлан Тоқтар келесі қарсыласын атап, жаттығуға кірісті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар алдағы кездесуіне дайындықты бастап кетті.

Еркебұлан Тоқтар келесі қарсыласын атап, жаттығуға кірісті (ВИДЕО)
instagram/@erkebulan_toktar

Залдағы дайындығын көрсетті

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Еркебұлан Тоқтар бапкерімен бірге қолғаппен жұмыс істеп, соққы техникасын пысықтап жатқанын көруге болады. Қазақстандық файтердің айтуынша, ол ресейлік ММА өкілі Шовхал Чурчаевпен өтетін ықтимал жекпе-жекке дайындықты бастаған.

Айта кетейік, Чурчаев бұған дейін Тоқтарға ашық түрде қарсылас болуға ниет білдіріп, әлеуметтік желідегі жазбаларында қазақстандықты бірнеше рет әжуалаған еді.

ММА-дағы үзіліс жоспары өзгерді

Еркебұлан Тоқтар 27 наурыз күні Hype FC турнирінде қырғызстандық Марсель Нурланбек уулудан жеңілгеннен кейін ММА мансабында уақытша үзіліс алғысы келетінін айтқан.Бірақ кейін қырғыз спортшысымен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Енді Тоқтардың жоспары қайта өзгеруі мүмкін.

Шовхал Чурчаев кім?

Шовхал Чурчаев ММА жанкүйерлеріне "Наше дело", Hardcore MMA және Hype Fighting лигаларындағы жекпе-жектері арқылы таныс. Ресейлік спортшы соңғы рет 2025 жылдың 20 маусымында АҚШ-та LFA 211 турнирінде октагонға шыққан. Сол кездесуде америкалық Джейкоби Джонсқа төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен есе жіберді.

Еркебұлан Тоқтар мен Шовхал Чурчаев арасындағы жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны ресми түрде жарияланған жоқ.