Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының айқасы дауға тудырды

Спорт шолушысы

Жекпе-жектен соң төрешілер жұмысына қатысты сын айтылды.

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының айқасы дауға тудырды
sportarena.kz

Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан U15 және U17 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасындағы жекпе-жек төрешілік шешімге байланысты дау тудырды. Бұл туралы sportarena.kz хабарлады. 

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (U15) қазақстандық Ксения Егорова мен өзбекстандық Зебинисо Абдуллаева рингке шықты. Үш раундқа созылған тартысты айқаста төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) Абдуллаеваға берді.

Бұл шешім кей сарапшы мен жанкүйер арасында сұрақ туғызып, төрешілер жұмысына қатысты сын айтылды.

Алайда күндізгі сессияда Қазақстан құрамасы үшін жағымды жаңалық та болды. 37 келіге дейінгі салмақта (U15) өнер көрсеткен Нұржанат Бекназар қарсыласы Адеми Ибишованы (Қырғызстан) бірінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Турнир туралы

Азия чемпионаты Ташкент қаласында өтіп жатыр. Жарыс Asian Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған.