Әли Ахмедов WBO рейтингінде көтерілді
Жуырда ұйым қазақстандық боксшылардың жаңа тізімін жариялады.
Vesti.kz
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингіні жариялады. Жаңартылған тізімде қазақстандық боксшылардың да позициясында өзгерістер бар.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов рейтингте бір саты жоғарылады. Яғни 14-орыннан 13-орынға көтерілді.
Бұл оның дивизиондағы позициясын нығайтып, титулдық жекпе-жекке жақындай түскенін көрсетеді.
Басқа қазақстандықтардың жағдайы
Жаңартылған рейтингте тағы бірнеше отандасымыздың орны белгілі болды:
- Роман Фресс (жартылай ауыр салмақ) – рейтингте 1-орында тұр
- Жәнібек Әлімханұлы (орта салмақ) – WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды.
Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі уақытта дисквалификация кезеңін өткеруде.
Ал орта салмақта уақытша чемпион – Дензел Бентли (Ұлыбритания).
ТОП-3 боксшы:
- Йоэнлис Эрнандес (Куба)
- Вито Мельники кіші (АҚШ)
- Фёдор Черкашин (Польша)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet