Алматыда 700-ден астам балуан өзара мықтыны анықтайды

Футбол шолушысы

Оңтүстік астанада Қажымұқанға арналған халықаралық күрес турнирі өтеді. 

Алматыда 700-ден астам балуан өзара мықтыны анықтайды
NUR.KZ

Алматы қаласында 8–10 мамыр аралығында қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған ірі халықаралық күрес жарысы ұйымдастырылады.

Турнир Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, додаға әлемнің 10 елінен 700-ден астам спортшы қатысады.

Қатысушы елдер

Алматылық кілемде мына елдердің балуандары бақ сынайды:

  • Қазақстан
  • АҚШ
  • Ресей
  • Моңғолия
  • Италия
  • Қытай
  • Грузия
  • Қырғызстан
  • Беларусь
  • Өзбекстан

Турнирдің басты интригаларының бірі – былтырғы финалистер яғни Азамат Байғабылов (Қазақстан) пен Талант Бегалиев (Қырғызстан) арасындағы ықтимал кездесу болмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс тек спорттық дода ғана емес. Оның негізгі мақсаты - тарихи мұраны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және 
патриоттық құндылықтарды дәріптеу.

Турнир аясында "Ардагерлер аланы" қорының бастамасымен Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған арнайы мұражай көрмесі де ұйымдастырылмақ.

"Бұл тек спорттық жарыс емес, күреске өмірін арнаған жандарға деген құрметтің белгісі. Барша жанкүйерлерді келіп, осы ерекше атмосфераны сезінуге шақырамын", – деді турнир ұйымдастырушысы Ерлан Малаев.