Хайме Мунгия АҚШ-та сенімді жеңіске жетті

Бокс шолушысы

Мексикалық танымал боксшы Хайме Мунгия Лас-Вегаста жерлесі Хосе Ресендисті төрешілер шешімімен ұтып, кәсіпқой рингтегі 46-жеңісін тіркеді.

Мунгия 12 раунд бойы басымдық бермеді

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып, толық дистанцияға созылды. Рингтегі тартыста Мунгия тәжірибесі мен шабуылдағы белсенділігін тиімді пайдаланып, қарсыласынан айқын басым болды.

Хосе Ресендис соңына дейін қарсылық көрсеткенімен төрешілер бірауыздан жеңісті Хаймеге берді. Кездесу қорытындысы бойынша үш төреші де Мунгияның жеңісін тіркеді: 117-111, 119-109, 120-108

Осылайша Хайме Мунгия кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 46 жеңіс, 2 жеңіліс, 35 нокаутқа жеткізді. Ал Хосе Ресендис мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.

Басты жекпе-жекте Бенавидес пен Рамирес кездесті

Айта кетейік, бұл кештің басты оқиғасында америкалық Давид Бенавидес пен мексикалық Хильберто Рамирес рингке шықты. Бұл жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.