Титул үшін айқас. Еркебұлан Тоқтардың жаңа қарсыласы аталды

Спорт шолушысы

Octagon лигасының баспасөз қызметі BMF (Best Media Fighter) белбеуі үшін ықтимал жекпе-жек туралы мәлімдеді.

Титул үшін айқас. Еркебұлан Тоқтардың жаңа қарсыласы аталды
Sportinside.kz

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені белгілі болды. Octagon лигасының баспасөз қызметі BMF (Best Media Fighter) белбеуі үшін ықтимал жекпе-жек туралы мәлімдеді.

"Тоқтар (11-3) — Аликхужаевқа (12-7) қарсы. Жанкүйерлер көптен күткен BMF титулы үшін жекпе-жек!", - деп жазды лига әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар Қазақстан ММА тарихындағы алғашқы BMF чемпионы. Ол бұл белбеуді 2025 жылғы 23 ақпанда Алматыда өткен Octagon 70 турнирінде жеңіп алды. Сол кезде тәжікстандық Камариддин "Камил Каратэ" Хасановты тізе бүктірген еді. 

Жекпе-жек рекорд орнатты

Бес раундқа жоспарланған кездесу төртінші раундта аяқталды. Тоқтардың ауыр соққысынан қарсыласының жақ сүйегі сынды. 

Бұл айқас 3,7 миллионнан астам қаралым жинап, лига тарихындағы ең танымал жекпе-жектердің біріне айналды.

Амирхон Аликхужаев кім?

  • Өзбекстанның ең танымал ММА файтерлерінің бірі
  • "Қоқан арыстаны" лақап атымен белгілі
  • Статистикасы: 12 жеңіс, 7 жеңіліс

2025 жылы ол бразилиялық Маноэл дос Сантосты 64 секундта нокаутқа түсірді.

Алайда 2026 жылдың ақпанында Ташкенттегі Mangu турнирінде ресейлік Магомед Салиевке нокаутпен жеңіліп қалды.