Қазақстан Кубаны жеңіп, Белградтағы бокс турнирінде "алтын" иемденді (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Нұрасыл Төлебек Сербиядағы халықаралық "Белград жеңімпазы" турнирінде ел қоржынына алтын жүлде салды.

Қазақстан Кубаны жеңіп, Белградтағы бокс турнирінде "алтын" иемденді (ВИДЕО)
vesti.kz

Нұрасыл Төлебек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында кубалық Винсент Луис Энрикемен жұдырықтасты. Қазақ боксшысы қарсыласынан айласын асырып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрасыл Төлебек халықаралық турнирдің чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына Белградтағы алғашқы алтын медаль сыйлады.

Бастапқыда Қазақстан ерлер құрамасының аталған турнирге арналған тізіміне 12 боксшы енгізілген. Команда екі салмақ дәрежесінде екі спортшыдан қатыстыру мүмкіндігіне ие болды.