Қазақстандық боксшылар неше медаль жеңіп алды?

Футбол шолушысы

Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылғы халықаралық маусымның қорытындысын жариялады.

Қазақстандық боксшылар неше медаль жеңіп алды?
коллаж sports.kz

Қазақстан қоржынында 58 алтын медаль бар

Мерей Ақшалов жыл сайынғы конференция барысында 2025 жылғы медаль есебін нақтылады. Оның сөзінше, Қазақстан боксшылары халықаралық турнирлерде 58 алтын медаль, 28 күміс медаль және 
27 қола медаль жеңіп алған.

ҚБФ бас хатшысы бұл табысты бапкерлер штабы мен өңірлік федерациялардың бірлескен еңбегінің жемісі деп бағалады.

2025 жылғы басты турнирлер

Қазақстандық боксшылар 2025 жылы бірнеше ірі халықаралық додаға қатысты. Олардың қатарында:

  • Ливерпульдегі әлем чемпионаты
  • Дубайдағы IBA әлем чемпионаты
  • Астанада өткен World Boxing кубогы

Әсіресе қыркүйек айында Ливерпульдегі әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Бұл жарыста ұлттық құрама жалпы медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.

2025 жылғы маусымдағы маңызды жарыстардың бірі — Астанада өткен World Boxing кубогы. Турнир 30 маусым мен 6 шілде аралығында ұйымдастырылды.