Әйелдер күресінен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті
Шұғыла Өмірбек Вьетнамда 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Вьетнамның Дананг қаласында әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек ел қоржынына кезекті жүлдені салды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда жарыс қожайыны, вьетнамдық Ти Дангпен кездесті. Шешуші белдесуде Өмірбек толық басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.
Финалдық кездесу Қазақстан балуанының пайдасына 8:0 есебімен аяқталды. Осылайша Шұғыла Өмірбек 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.