Қазақ балуаны АЧ финалында өзбекстандыққа есе жіберді
Вьетнамның Дананг қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының өкілі Ерасыл Жеңіс 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Ол алтын медаль үшін өткенбелдесуде өзбекстандық Рахимжон Узоковпен кездесті.
Шешуші айқас өте нәтижелі әрі тартысты өрбіді. Дегенмен маңызды сәттерде өзбекстандық балуан басымдық танытып, кездесуді 11:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша Ерасыл Жеңіс Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.