Головкин Мысырдағы бокс кешінде WBO чемпионымен кездесті

Бас редактор

Мысырдағы бокс кешінде британдық боксшы Хамза Шираз Алем Бегичті екінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO чемпионы атанған болатын. 

Головкин Мысырдағы бокс кешінде WBO чемпионымен кездесті
mma.metaratings.ru

Қазақстандық даңқты боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Мысырда өтетін ірі бокс кеші қарсаңында британдық боксшы Хамза Ширазбен кездесті.

Головкин Ширазға сәттілік тіледі

GGG Каирге Гиза пирамидалары маңында ұйымдастырылған бокс кешінің құрметті қонағы ретінде барды. Жекпе-жек алдында ол Шираздың киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, британдық боксшыға қолдау білдірген.

"Геннадий Головкин Хамза Ширазбен Алем Бегичке қарсы жекпе-жек алдында оның киім ауыстыратын бөлмесінде кездесті", — деп жазды The Ring Magazine журналының ресми аккаунты X әлеуметтік желісінде.

Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, бокс жанкүйерлерінің назарын аударды.

Шираз WBO титулын нокаутпен жеңіп алды

Хамза Шираз бен Алем Бегич арасындағы кездесу WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы вакантты әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Британдық боксшы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді.