Сун Ядун UFC экс-чемпионын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қытайлық файтер Сун Ядун Макаода UFC Fight Night 277 турнирінің басты жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті.

Сун Ядун UFC экс-чемпионын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)
mmajunkie.usatoday.com

Басты жекпе-жектегі сенімді жеңіс

UFC Fight Night 277 турнирінің басты айқасында жеңіл салмақ дәрежесінің өкілі Сун Ядун бразилиялық Дейвесон Фигередомен кездесті. Қыатйлық файтер UFC рейтингінде өз дивизионында бесінші орында тұр. Ал Фигередо жанкүйерлерге “Соғыс құдайы” лақап атымен танымал және бұрын UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпионы болған.

Қытайлық файтер айқаста белсенді қимылдап, өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Кездесу екінші раундтың соңына қарай мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл жеңіс оның мансабындағы маңызды нәтижелердің бірі болды.

Екі файтер де жеңісті жолға оралғысы келді

Бұл айқас екі спортшы үшін де ерекше маңызға ие еді. Себебі екеуі де бұған дейінгі жекпе-жектерінде жеңіліс тапқан. Сун Ядун америкалық Шон О’Мэллиге есе жіберсе, Дейвесон Фигередо ресейлік Умар Нурмагомедовтен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтылған.

Макаодағы жеңістен кейін Сун Ядунның аралас жекпе-жектегі көрсеткіші 23 жеңіс, 9 жеңіліс және 1 тең нәтижеге жетті. Ал Фигередоның еншісінде енді 25 жеңіс, 7 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.