Асу Алмабаев алдағы айқасы алдында рейтинге жоғарылады

Бокс шолушысы

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері 27 маусымда америкалық файтермен күш сынасады.

Асу Алмабаев алдағы айқасы алдында рейтинге жоғарылады
Vesti.kz

Қазақстандық танымал файтер Асу Алмабаев UFC-дегі маңызды айқасы алдында рейтингтегі орнын жақсартты. Отандасымыз аса жеңіл салмақ дәрежесінде сегізінші орыннан жетінші сатыға көтерілді.

Ал оның алдағы қарсыласы Чарльз Джонсон керісінше бір саты төмендеді. Америкалық файтер 14-орыннан 15-орынға түсті.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев жақын күндері америкалық Чарльз Джонсонмен кездеседі. Бұл жекпе-жек UFC Fight Night 280 турнирі аясында өтеді.

Жекпе-жек Бакуде өтеді

Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон арасындағы кездесу 2026 жылдың 27 маусымында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирінде ұйымдастырылады.

Алмабаевтың қазіргі рекорды — 23 жеңіс, 3 жеңіліс. Ал Джонсонның еншісінде 19 жеңіс пен 8 жеңіліс бар.