"UFC белбеуін алғысы келеді": Елдос Сметов ММА жаттығуында көзге түсті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Дзюдодан Париж Олимпиадасының жеңімпазы бұл жолы татамиде емес, ММА жаттығу залында бой көрсетті.

"UFC белбеуін алғысы келеді": Елдос Сметов ММА жаттығуында көзге түсті (ВИДЕО)
vesti.kz

Соққы техникасын пысықтады 

Елдос Сметов бокс қолғабын киіп, соққы жасау техникасын жаттықтырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Шавкат Рахмоновтың командасымен бірге дайындық өткізіп жатқанын көруге болады.

Кадрларды бапкер Оразалы Алдыбаев Instagram парақшасында жариялады. Видеода Сметов әдеттегі дзюдогиін бокс қолғабына ауыстырып, лақтыру әдістерінің орнына соққы комбинацияларын орындап жүр.

Оразалы Алдыбаев видеоны жариялап, Елдос Сметовке қатысты қызықты жазба қалдырды.

“Олимпиада алтыны онда бар, енді UFC белбеуін алғысы келеді”, – деп жазды бапкер.

Жанкүйерлер Сметовтың жаттығуына пікір білдірді

Видеоның астында қазақстандық спортшыны қолдаған пікірлер көп болды. Желі қолданушылары Елдос Сметовтың кез келген бағытта өзін сынап көруге құқылы екенін жазды.

“От”, “Мықты”, “Ораз-ағай жаттықтырып жатыр”, “Елдос не істесе де өзі біледі. Ол бәрін дәлелдеп қойған”, – деп пікір қалдырды жанкүйерлер.