АЧ-2026: Жадыра Қалтай жартылай финалға жете алмады (ВИДЕО)

Спорт шолушысы

Қазақстандық боксшы Үндістан өкіліне есе жіберді. 

АЧ-2026: Жадыра Қалтай жартылай финалға жете алмады (ВИДЕО)
Meta-ratings.kz

Қазақстандық боксшы Жадыра Қалтай Джакартада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады. Отандасымыз ширек финалда Үндістан өкіліне есе жіберді.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық бұрымды төрешілер шешімімен қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Қазақстан құрамасында 39 спортшы бар

Бокстан Азия чемпионаты Джакартада 3-16 шілде аралығында өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 39 спортшыны қосты. Ел намысын U19 және U23 жас санаттарындағы боксшылар қорғап жатыр.