Асу Алмабаев UFC-ге талап қойды
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев америкалық промоушенге үндеу жасап, келесі жекпе-жегіне қарсылас беруді сұрады.
UFC-ге үндеу жасады
Асу Алмабаев Instagram парақшасында өз суретін жариялап, UFC-де жеңген қарсыластарының тізімін көрсетті. Қазақстандық файтер бұған дейін америкалық Чарльз Джонсон, Алекс Перес, Си Джей Вергара және Оде Осборнды жеңген.
Сондай-ақ оның жеңістерінің қатарында бразилиялық Матеус Николау мен перулік Хосе Очоа да бар.
Жазбада Алмабаев UFC-дің ресми аккаунтын белгілеп, қысқа ғана сұрақ қойды:
“Келесі кім?” – деп жазды.
Бакудегі жеңіс беделді күшейтті
Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 21 маусымда Әзербайжан астанасы Бакуде UFC Fight Night турнирінде өткізді. Бұл кездесуде америкалық Чарльз Джонсонмен октагонға шықты.
Жекпе-жек Алмабаев үшін сәтті аяқталды. Ол екінші раундта сирек кездесетін ауырту әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Бұл әдіс ММА әлемінде “Сулоев созуы” деген атаумен белгілі.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.