Қазақстан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында екі медаль місе тұтты
Қазақстан құрамасы Джакартада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының бесінші жарыс күнін аяқтады.
Мадира Жұмақан техникалық нокаутпен жеңді
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мадира Жұмақан ширек финалда вьетнамдық Зи Хонг Йен Нгуенмен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында айқын басымдық танытып, қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы нәтиженің арқасында Жұмақан жартылай финалға шығып, Азия чемпионатының кемінде қола жүлдегері атанды.
Ақнұр Тұрсынғали де медаль еншіледі
57 келіге дейінгі салмақта Ақнұр Тұрсынғали Қытай Тайбэйінің өкілі Лижун Линге қарсы жұдырықтасты.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Есеп – 4:1. Бұл жеңіс Ақнұрға жартылай финалға жолдама беріп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медальды қамтамасыз етті.
Ширек финалда үндістандықтардан жеңілді
Өкінішке қарай, бұл күні Қазақстан құрамасының төрт өкілі ширек финалдан аса алмады.
51 келіге дейінгі салмақта Жадыра Қалтай үндістандық Чандрика Бхореши Пуджариге 0:5 есебімен жол берді.
54 келіге дейінгі салмақта Марал Төлепберген де үндістандық Джойшири Деви Широмнан жеңілді. Бұл жекпе-жекте төрешілер 0:5 есебін тіркеді.
60 келіге дейінгі салмақта Жасмин Абрамян Чахатқа есе жіберсе, 75 келіге дейінгі салмақта Алтынгүл Аймұхан Аншикадан 1:4 есебімен жеңіліс тапты.