WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

Бас редактор

Дүниежүзілік бокс кеңесі жаңартылған рейтингін жариялады. WBC тізімінде бірнеше қазақстандық боксшының позициясы көрсетілді. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орнын сақтап қалды.

WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды
Meta-ratings.kz

WBC ұйымының жаңартылған рейтингі шықты. Бұл тізімде қазақстандық бірнеше кәсіпқой боксшы бар. Олар - Мейірім Нұрсұлтанов, Бек Нұрмағанбет, Сұлтан Зәурбек, Әли Ахмедов, Бекман Сойлыбаев және Елшат Нығметолла.

Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орында тұр

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі бірінші позициясын сақтап қалды. Бұл көрсеткіш қазақстандық боксшының чемпиондық айқасқа басты үміткерлердің бірі екенін көрсетеді.

Бұл салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы — Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес. Ал уақытша чемпиондық белбеу америкалық Хесус Рамос-кішіге тиесілі.

Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта үздік жиырмалықта

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет рейтингтің 19-сатысына жайғасты. Қазақстандық боксшы бұл дивизионда әлемдік деңгейдегі қарсыластармен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін позицияда орналасқан.

Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақ рейтингіне енді

  • Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта WBC рейтингінде 38-орынға тұрақтады.
  • Ал екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек WBC рейтингінде 17-орында тұр. 
  • Осы дивизионда тағы бір қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев та бар. Ол екі сатыға жоғарылап, 37-орынға көтерілді.
  • Ал аса жеңіл салмақ дәрежесінде Елшат Нығметолла рейтингтің 30-сатысына жайғасты.