Закир Найманбаев Power Slap 22 турнирі алдында қазақстандықтарға үн қатты
Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев Сербияда өтетін Power Slap 22 турнирінде канадалық Райан Кеннимен кездеседі.
Power Slap ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Закир Найманбаев кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол 30 шілде күні Сербия астанасы Белградта өтетін Power Slap 22 турнирінде өнер көрсетеді.
Найманбаевтың қарсыласы кім?
31 жастағы Закир Найманбаев ауыр салмақта канадалық Райан Кеннимен кездеседі.
Екі спортшы арасындағы айқас үш раундқа жоспарланған. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы бірінші болып соққы жасайды.
"Алға, Қазақстан!"
Жекпе-жек алдында Закир Найманбаев Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады.
"Бәріңізге ассалаумағаалейкум. Power Slap 22, Сербия. Сәттілік тілеп қойыңыздар, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Бірінші болып мен соққы жасаймын. Сондықтан тек алға. Алға, Қазақстан!" — деді Найманбаев.
Қазақстандық спортшы рейтингте екінші орында тұр
Қазіргі таңда Закир Найманбаев Power Slap ұйымының ауыр салмақтағы ресми рейтингінде екінші орында орналасқан.
Оның ұйымдағы статистикасы — екі жеңіс және бір жеңіліс. Айта кетерлігі, екі жеңісінің екеуін де қазақстандық спортшы нокаутпен аяқтады.