Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды

Жекпе-жек шолушысы

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бакуде күрестен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлде еншіледі.

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды
instagram.com/kazwrestling_official

Қос алтын ұтып алды

Әзербайжан астанасында 17 жасқа дейінгі балуандар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының өкілдері еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша жүлдеге таласты. Нәтижесінде екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль еншіледі.

Еркін күресте Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бақдәулет Ағабек барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Сондымен бірге:

  • Мардан Орынбасар – 60 келіде қола жүлде;
  • Әділет Рысбай – 71 келіде қола медаль иеленді.
  • Дияр Аманәлі алтын медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен үш жүлде бұйырды.

55 келіге дейінгі салмақта белдескен Дияр Аманәлі турнир жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 48 келіде Әли Алмас күміс жүлдені еншілесе, 71 келіде Әлинұр Төлеуғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айша Әбдімәлік күміс жүлдесі алды

Әйелдер күресінен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айша Әбдімәлік финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Ал 46 келіде белдескен Інжу Баққожа жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола жүлдеге ие болды.