Қарсыласын нокаутпен жеңген Дияр Нұрғожай негізгі сыйақыдан шет қалды

Футбол шолушысы

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC Fight Night 284 турнирінде бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткенімен, кештің негізгі бонус иегерлері қатарына кірмеді.

Қарсыласын нокаутпен жеңген Дияр Нұрғожай негізгі сыйақыдан шет қалды
NUR.KZ

UFC Fight Night 284 турнирінің қорытындысы бойынша қосымша бонус алған спортшылардың есімі белгілі болды. Қазақстандық Дияр Нұрғожай бұл кеште нокаут жасағанымен, кештің басты бонусынан шет қалды.

Турнир қорытындысы бойынша Диего Феррейра мен Билли Куарантилло "кештің үздік жекпе-жегі" үшін 100 мың доллар бонус алды. Ал Куиллан Салкиллд пен Тай Миллер "кештің үздік өнері" номинациясы бойынша дәл сондай көлемде сыйақы иеленді.

Нұрғожайға 25 мың доллар берілді

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай негізгі бонусқа ие бола алмады. Алайда UFC оған мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін 25 мың доллар көлемінде қосымша төлем жасады.

Еске салайық, Дияр Нұрғожай АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 284 турнирінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы бірінші раундта бразилиялық Бруно Лопесті нокаутқа түсіріп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.

UFC-дегі екінші жеңісі

Дияр Нұрғожай үшін бұл UFC-дегі екінші жеңіс болды. Қазір оның промоушендегі рекорды 2 жеңіс және 2 жеңілісті құрайды.