Жәнібек Әлімханұлы "Канело" Альвареске үндеу жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альвареске арнайы үндеу жолдады.
Жәнібек “Канеломен” жекпе-жек өткізгісі келеді
“Қазақ стилі” әлеуметтік желідегі жазбасында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хамза Ширазбен жоспарланған титулдық кездесуден кейін “Канеломен” рингке шығуға ниетті екенін білдірді.
“Канело, дайындал! ИншаАллах, мен Ширазды жеңемін, содан кейін титулдарды біріктіреміз”, – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Әлімханұлы – Шираздың міндетті қарсыласы
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Хамза Шираз иелік ететін WBO чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде ресми түрде бекітілді. Боксшылардың командаларына жекпе-жек шарттары бойынша келісімге келу үшін 20 күн уақыт берілген.
Бұл кездесу қазақстандық боксшы үшін екінші орта салмақтағы жаңа белесті бағындыруға мүмкіндік бермек.
Өз кезегінде Сауль Альварес те күзде чемпиондық айқас өткізуді жоспарлап отыр. Ақпаратқа сәйкес, мексикалық боксшы 31 қазанда Эр-Риядта WBC чемпионы, франциялық Кристиан Мбиллимен кездеседі.
WBO ұйымының екінші орта салмақтағы рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға орналасқан. Ал Сауль “Канело” Альварес бірінші сатыда тұр.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.